Жұма, 18 сәуiр, 19:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Өнімдер қауіпсіздігі бақылауда

11.04.2025

157 0

Сурет:clinic-kalinin-ecoconnect.ru

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен ішкі сауда нарығы айналымына келіп түсетін өнімдердің қауіпсіздігін бақылау мақсатында 2025 жылға арналған өнімдерді сатып алудың жоспар-кестесіне сәйкес жыл басынан бері 21 сауда орнынан 261 сынама сатып алынып, санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Сараптама жүргізуге іріктеп алынған өнімдердің басым үлесі, яғни 75% – тағам өнімдерін құрады, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар, халық көп тұтынатын өнімдерге басымдық берілді. Атап айтқанда, сүт және сүт өнімдері – 25, құс еті және құс өнімдері – 15, ет және ет өнімдері – 9, балық өнімі – 6, май өнімдері – 5, кондитерлік өнімдер – 25, ұн және жарма өнімдері – 34, көкөністер мен жеміс-жидектер – 6, шырындар – 4, алкогольсіз сусындар – 27, балаларға арналған тамақ өнімдері – 21 және т.б.
Тамақ емес өнімдердің ішінде балаларға арналған ойыншықтардың 6 сынамасына, парфюмерлі-косметикалық өнімдердің 7 сынамасына, тұрмыстық химия заттарының 12 сынамасына, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің 11 сынамасына, жеке гигиена заттарының 19 және тағам өнімдерімен жанасатын өнімдердің 4 сынамасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілді.
Өнімді бақылау мақсатында сатып алынған 261 өнімнің 14,9% –отандық өнімдердің, 52,8% – Еурзиялық экономикалық одаққа мүше елдердің және 32,1% – өзге елдер өнімдерінің үлесінде.
«Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалымен жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша 261 сынаманың 24,5%-і техникалық регламенттер талаптарына сай болмай шықты: микробиологиялық көрсеткіштер бойынша – 2, санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша – 3. Бұдан бөлек, 59 сынама техникалық регламенттердің таңбалануы бойынша талаптарына сай болмады, яғни өнімінің атауы, құрамы, сақтау шарттары, өндірушінің аты және орналасқан орны, қолдану бойынша нұсқаулар мен шектеулер, тағам құндылығының көрсеткіштері мемлекеттік тілде көрсетілмеген.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қортындысымен техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген 64 өнімнің 7,8% –отандық өнімдерді құраса, 64% – Еурзиялық экономикалық одаққа мүше елдердің және 28,1% – өзге елдерден әкелген өнімдердің үлесінде.
Сәйкессіздіктер анықталған өнімдер бойынша 20 сауда объектісіне Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары ресімделді.
Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген жалпы құны 12 852 теңгені құрайтын тағам өнімдерінен: май өнімдері, кондитерлік өнімдер, құс өнімдері, көкөністер мен жеміс-жидектер, алкогольсіз сусындар және балалар ойыншықтары мен балаларға арналған киімдер сатылымнан алынып тасталды.

Гүлмира Сыздықова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: