Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Өткен жылы 19 инфекция көрсеткіші жоғары болған

09.02.2023

705 0

Бұл туралы бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаев баяндады. 2022 жылы Қызылорда қаласында инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша қала тұрғындары арасында жіті ішек инфекцияларының вирусты гепатит, туберкулез, бруцеллез және Конго-Қырым гемаррагиялық қызбасының эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз болып, 19 инфекция көрсеткіштері жоғары сипатқа ие болған, ал 7 инфекция көрсеткіштері азайған.

– Өткен жылы қалада жіті ішек инфекциясының 1684 оқиғасы (оның ішінде 3 жасқа дейінгі балалар арасында 732 жағдай) тіркелсе, туберкулезбен 204 науқас жаңадан анықталды. Жедел ішек ауруларының алдын алу мақсатында аурудың басты таралуының себептері – үй жағдайында дайындау технологиясы бұзылған немесе дұрыс сақталмаған тағамдар, сүт өнімдері, сусындар, дұрыс жуылмаған, тазартылмаған жеміс-жидектер, қайнамаған су және бала күтімінің нашарлығы т.б. жағдайларды болдырмау қажет, – деді Ерлан Амантайұлы.

Сонымен қатар, жедел вирусты гепатит А ауруының 8 оқиғасы тіркеліп, ауру оқиғалары орын алған мектептер жоспардан тыс тексерілді. Нәтижесінде эпидемиялық көрсеткіш бойынша 386 бала вирусты гепатит А қарсы екпемен қамтылды. Жалпы, Қызылорда қаласында вирусты гепатит А қарсы жоспарлы профилактикалық екпелермен 12 609 бала қамтылған.Бұдан бөлек,

Қызылорда қаласында COVID-19 коронавирустық инфекциясының 4216 оқиғасы тіркелді. Аурудың алдын алуда басымды және тиімді шара – вакцинация және ревакцинация болып табылады. COVID-19 инфекциясы қарсы қала халқының 87,9%-ы егумен (егілгені – 225 334) қамтылды. Қызылорда қаласының әкімшілік аумағы аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (әрі қарай – ККГЛ) табиғи ошағында орналасқандықтан қолайсыз болып саналады. Өткен жылы Қызылорда қаласында ККГЛ алғашқы диагнозымен 13 жағдайы тіркелсе, «Кене шағу» диагнозымен 446 жағдай анықталды.Жалпы, Қызылорда қалалық Сэб басқармасы мамандарымен 2022 жылы 552 тексеру жүргізілген. Жүргізілген ерекше тәртіп бойынша және жоспардан тыс тексерулер барысында барлығы 324 заңбұзушылықтар анықталып, жауапты тұлғаларға әкімшілік шара көрілді және айыппұлдар салынды, нысандарға бұзушылықты жою туралы ұйғарымдар берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: