Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Өзгеге өмір сыйла!

14.06.2022

756 0

14 маусым –  Дүниежүзілік донорлар күніне орай облыстық қан орталығында мерекелік шара өтті. Шараға денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов қатысты.  

Бұл атаулы күн 2005 жылы Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 58-ші сессиясында бекітілді. Содан бері жыл сайын маусымның 14-інде Дүниежүзілік донорлар күні тойланады. Зерттеу бойынша Дүние жүзінде әрбір 20-25 секунд сайын қан құюға мұқтаж жандар табылады екен. Қан тапсыру – донор болу адам өмірін сақтап қалу. Ол өзгеге өмір сыйлағанмен бірдей. Ажал аузында жатқан  науқас жанға донорлардың тапсырған қаны оның өмірін аман алып қалу, бүкіл адамзатты құтқарғанмен тең дәрежедегі  ізгі амал болып табылады.

Өткен жылы барлығы 6151 донор қан тапсырса, жыл басынан бері 3455 адам донор болды. Қазіргі кезде орталықтың 200-ге жуық тұрақты донорлары бар. Бүгінгі мереке қарсаңында 70-тан аса донор қан тапсырды. Оның ішінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Бексейітұлы да бар. Осы орайда бір тамшы қанымен ауыр халде науқастың жанына араша түсіп, үлкен азаматтық пен мол қайырымдылық танытқаны үшін біршама донорлар марапатталды.

Өзгеге өмір сыйла!

 Оның ішінде ерекше айта кететін үздік мекемелерде бар. Олардың қызметкерлері жыл сайын тұрақты түрде донор болады. Атап айтсақ, Шиелі ауданаралық ауруханасы 2021ж көшпелі жағдайда, өзгенің өмірін сақтап қалу үшінерікті түрде қан тапсырды.  Медицина қызметкерлері мен аудан тұрғындары бір ауыздан бірігіп белсенділік көрсеткені үшін марапатталды. Сондай-ақ облыстық қан орталығының директоры Серік Игембаев мемлекеттік кірістер департаменті ұжымы мен «Қызылорда  обаға қарсы күрес станциясы» қызметкерлеріне мейірімділік пен патриоттықтың үлгісін көрсетіп, қаншама ауыр халде жатқан науқастарға қол ұшын созып, өмір сыйлағандары үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар шара барысында «балалар жылына» орай  «Мен-болашақ донормын» тақырыбында балалар арасында сурет салудан байқау өтті. Бүгінгі шарада өз өнерлерін ортаға салып, топ жарған бүлдіршіндер де марапатталды.

Өткен жұма да «Төлен Ата» мешітінде «Өзгеге өмір сыйла» атты акция өткізілді. Жұмада жамағат жұмылып қан тапсырды. Донорлық қозғалысты дамытуға және дәріптеуге үлкен үлесін қосқан имам Ғалымжан Оразаліұлы арнайы келіп, мерекеге орай қан орталығының қызметкерлерімен донорларына жылы лебізін білдірді.

Өзгеге өмір сыйла!

Қан орталығының ұжымы адам өмірі үшін донорларды күн-түн демей қай кезде болса да көмектерін аямай, адамның өмірін сақтап қаламыз деген ұстаныммен жүретін донорларға шексіз алғысын білдірді. Расында, осы орталықтың көмегі арқылы күн сайын қаншама адамның жүрегі қайта соғып, өшкен үміті оянуда. Әрине, «Жарығың сөнбесін» демекші  қы­сылған жанға қан беріп, тіршілігін тоқтатпау әрбіріміздің парызымыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: