«Омикрон» штамын жұқтырған адамның жиі басы ауырып, әлсіздік сезінеді. Бұл туралы дәрігер-терапевт Марина Астафьева мәлімдеді.
«Кез келген вирус клеткаға түскеннен кейін ағзаны улай бастайды. Біз бірден әлсіздік, шаршаңқылық, буын ауруы мен бас ауруын байқаймыз. Денеміздің кез келген мүшесі ауыруы мүмкін», – деп түсіндірді ол «Звезда» телеарнасына берген сұхбатында.
Дәрігер сырқаттану белгілері сауыққаннан кейін де сақталуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан организмге «өз-өзіне келуге» уақыт беру қажет, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!