2021 жылдың желтоқсан айында Алматыда ашылған «MIG Qazaqstan» ядролық медицина орталығы-онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауға арналған Қазақстандағы алғашқы инновациялық медициналық мекеме. Орталықта зерттеулер тегін жүргізіледі және кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында қазақстандықтарға қолжетімді. Орталық дәрігерлері жылына 7 мыңға дейін пациентті қабылдай алады. Мұндай орталықтарды Қазақстанның тағы үш өңірінде – Қарағанды, Орал және Шымкентте ашу жоспарлануда.
Ядролық медицина орталығы ең заманауи құрылғылармен жабдықталған. “Biograph Horizon” жоғары технологиялық ПЭТ-сканері позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография мүмкіндіктерін үйлестіреді және аурудың ең кішкентай ошақтарын анықтауға, сондай-ақ ісіктердің орналасуы мен шекаралары туралы нақты деректермен үш өлшемді кескін алуға мүмкіндік береді. Мұндай зерттеулер ісіктердің құрылымы мен функционалдық ерекшеліктерін молекулалық деңгейде бағалауға көмектеседі.
Аталмыш конференция аймақтық медициналық ұйымдардың өкілдері үшін ұйымдастырылды. Онкологтар орталықтың қызметімен танысып, осы бағыттағы жетекші мамандармен сұқбаттасты. Форум жұмысына «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ Басқарма Төрайымы Риза Зұлқарнайқызы Боранбаева, «ҚазОРҒЗИ» Басқарма Төрағасының ғылыми – стратегиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Зәуре Дмитриевна Душимова, бас балалар онкогематологы, «Алмалы» холдингі Бас директорының бірінші орынбасары Ольга Сергеевна Шумай, «НеоТекФарм» ЖШС директоры Ярославна Михайловна Будач қатысты.
Талқылау барысында балалар мен ересектер онкологиясының ерте диагностикасы, ғылыми жетістіктер, инновациялық технологиялар, клиникалық зерттеулердің халықаралық әдістері және осы салаларда тәжірибе алмасу мәселелері қозғалды.
Қазақстандық мамандар өздерінің ресейлік әріптестерінің заманауи ерте диагностикалау әдістері туралы пікірімен танысты. Олардың ішінде – «МедИнвестГрупп» КТ директоры Кузьмин Алексей Александрович, медициналық білім беру институтының ядролық медицина және радиациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Рыжкова Дарья Викторовна, . В. А. Алмазова, «МедИнвестГрупп» КТ сарапшысы Шаклеина Ольга Николаевна бар.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!