Бейсенбі, 27 ақпан, 01:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15,2128
25.02.2025
PDF мұрағаты

Оқушылар жаппай уланған

26.02.2025

59 0

Фото: Әлеуметтік желіден

Санитарлық дәрігерлер Ақтөбе облысындағы ауыл мектебінде оқушылардың жаппай улануына себеп болды делінген қытайлық өнімнің сараптама нәтижелерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы ауыл мектебінің оқушылары қытайлық шаян таяқшаларын жегеннен кейін өздерін жайсыз сезініп, жаппай ауруханаға түскен еді. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қытайдан әкелінген тағамның зертханалық сынама нәтижелерін жариялады.

«Санитарлық-химиялық зерттеулер нәтижесінде қорғасын, кадмий, мышьяк анықталған жоқ. Микробиологиялық зерттеулер бойынша мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер, ішек таяқшасы тобының бактериялары, сальмонелла, зең саңырауқұлақтары табылған жоқ», – делінген Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында. 

Мамандар өнімнің қаптамасында құрамы көрсетілмегенін атап өтті. 

«Зерттеу нәтижелері бойынша, өнімнің Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкеспейтіні анықталды, атап айтқанда, қаптамада атауы, құрамы, сақтау мерзімі, сақтау шарттары, пайдалану шектеулері және тағамдық құндылық көрсеткіштері туралы ақпарат жоқ. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерге қатысты Ақтөбе қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас санитарлық дәрігері үш қаулы шығарды, оған сәйкес өнімді айналымнан алу және сатылымнан қайтарып алу туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: