Оқу жылы басталғалы бері ата-аналар балаларына қандай тегін медициналық қызметтер көрсетілетінін білгісі келеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бұл туралы түсініктеме дайындады.
Оқушылар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған, яғни олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Сондықтан олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында да барлық қажетті медициналық қызметтерді ала алады.
Оқушыларға қандай медициналық қызметтер қолжетімді?
- Мектеп медицинасы;
- Стоматологиялық қызметтер;
- Дәрігерлердің консультациялары;
- Зертханалық талдаулар;
- Құрал-жабдық диагностикасы (УДЗ, рентген, КТ, МРТ және т.б.);
- Күндізгі стационар;
- Тәулік бойғы стационар;
- Оңалту қызметтері;
- Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (аурулардың тізімі бойынша);
- Жоғары технологиялық медициналық көмек.
«Мектеп медицинасы» деген не?
Бұл – білім беру ұйымдарында мектеп және мектепке дейінгі балаларға көрсетілетін медициналық көмек. Оған балалардың денсаулығын қорғау мен нығайту, аурулардың алдын алу және олардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылау кіреді.
Мектеп медицинасына келесі қызметтер кіреді:
- Алдын ала медициналық қарауларды жүргізу;
- Оқу және демалыс уақытындағы сауықтыру іс-шаралары;
- Аурулардың алдын алу;
- Денсаулықты нығайту және дұрыс тамақтануды насихаттау;
- Репродуктивті денсаулықты қорғау;
- Психикалық денсаулықты қорғау, суицид, темекі шегу, есірткі мен улы заттарға әуестік, ойынға тәуелділіктің алдын алу;
- Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес вакцинация жүргізу;
- Алдын ала қараулар нәтижесі бойынша оқушыларды терең медициналық тексеруге жолдау;
- Санитарлық ережелерді сақтау.
Бұл қызметтер мектеп орналасқан аумаққа тиесілі емхана арқылы көрсетіледі. Мектептердегі медициналық пункттер оқу жылы барысында балаларды медициналық қызметкерлер бақылап, уақытылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
«Кейде бізге ата-аналардан балаларын рұқсатсыз басқа медициналық ұйымға тіркеп қойғаны туралы шағымдар түседі. Мұндай пікірдің пайда болуына себеп – жүйеде баланың басқа емханадан медициналық қызмет алғаны туралы ақпараттың көрінуі. Алайда іс жүзінде бұл қызметті баланың оқып жатқан мектебіне қызмет көрсететін емхана көрсеткен», – деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
Сол себепті ата-аналар кейде балаларына қатысты көрсетілген медициналық қызметті білмей, оған жүгінбегенін айтып жатады. Мұндай қызметтер туралы ақпарат скрининг және қосымша диагностикалық шаралар толық аяқталғаннан кейін, кейде баланың жасы жеткеннен кейін ғана базада пайда болуы мүмкін (мысалы, баланың жасы жетіге толмаған болса да, ол бірінші сыныпта оқитын болса, скрининг нәтижелері бала туған күнінен кейін енгізіледі).
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі
Ресми сайт – https://msqory.kz/ru/
Youtube-канал – https://www.youtube.com/@msqory_kz
Telegram-канал – https://t.me/medsaqtandyru
Facebook – https://www.facebook.com/msqory/
Instagram – https://www.instagram.com/msqory_kz/
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!