Жұма, 24 қазан, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Ота жасалған науқастар орын жетіспегендіктен дәлізде жатыр

24.10.2025

56 0

Фото: BAQ.KZ архиві/ Бауыржан Жуасбаев

Алматы облысында жүрек ауруы бар науқастар емхана дәлізінде жатқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, оқиға Қарасай аудандық орталық ауруханасында болған. Бейнежазба авторы ота жасалған науқастардың дәлізде жатқанына шағым білдіреді.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы науқастар санының тым көп болуынан уақытша шаралар қабылдағанын, кейін барлығы палатаға орналастырылғанын хабарлады.

Қарасай аудандық орталық ауруханасының басшылығы жүктеменің артуы кезеңінде пациенттерді орналастыру бойынша жедел шаралар қабылдады. Науқастар кейін шаруашылық есеп бөлімшесінің бос палаталарына ауыстырылды. Ем алу үшін барлық жағдайлар жасалған, пациенттер мен олардың туыстарынан шағым түскен жоқ, – деп хабарлады ведомствода.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: