Сәрсенбі, 10 желтоқсан, 21:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Отандық фармацевтика үлесі арта ма?

10.12.2025

65 0

Фото: Ашық дереккөз

Былтыр жыл қорытындысы бойынша дәрі-дәрмек нарығының импортқа тәуелділігі шамамен 85%-ды құраған. Ал отандық өндірістің үлесі 15,1%-ға шамалаған. Бұл көңіл көншітетін нәтиже емес. Өйткені, дәрі-дәрмектің отандық өндірістегі көлемі ұлғаймай, бағасын бақылау қиын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Былтыр жыл соңында елде 207 фармацевтикалық кәсіпорын тіркеліпті. Олардың ішінде 43-і дәрілік заттар өндірісіне, 164-і медициналық бұйымдар өндірісіне маманданған. Ішкі нарықтың әлсіздігі басқа-басқа коронавирус тұсында қатты байқалды. Қарапайым маска, парацетамолдан бастап, дәрі-дәрмектің бірнеше түрі тапшы болды. Қандай перепараттардың көмегімен вирустың алдын алуға болатынын да ел-жұрт білмеді. Шындығында, дәрі-дәрмек қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі мәселе екенін сол кез ұқтық. Осының барлығын ескере келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау жүйесіне 2029 жылға қарай отандық дәрілік заттардың ішкі нарықтағы үлесін 50%-ға дейін жеткізу жөнінде меже қойды. Міне, содан бері фармацевтика саласын дамыту бойынша кешенді іс-шаралар қабылданды. Дәрілік заттардың айналымын бақылау үшін таңбалау әдісі енгізілді. Дәрі өндірілгеннен кейін, елге кірген, дәріханаға жеткен және тұтынушының қолына тигенге дейінгі аралығы бақылауда болады. Заңсыз дәрі-дәрмек тасымалдаудың жолы кесілді. Сосын, өндірушілерді қолдау бағытында да қабылданып жатқан іс-шаралар бар. Өндірісті ұлғайтудың тағы бір негізгі бағыты – инвестициямен байланысты. Инвестиция салуға ниетті компанияларға да елде жеңілдіктер жасалған. Жалпы, инвестициясыз 2029 жылға дейін Мемлекет басшысы бекіткен межені бағындыра аламыз деп айту қиын.

Бүгінде Pfizer, Roche және AstraZeneca сынды әлемдік фармацевтикалық алыптармен 3 ұзақ мерзімді шарт жасалған. Аталған компаниялар шарттық өндіріс тапсырыс берушілері ретінде елімізде өз өнімдерін шығарып, жеткізуді жоспарлап отыр. Биыл Денсаулық сақтау министрлігіне инвестициялық келісімдер жасасу үшін 398,2 млрд теңгеге 246 дәрілік зат бойынша 9 өтінім келіп түскен. Осыған қарағанда, қазіргі қарқын бәсең деп айтуға келмейді. Ал оның нәтижесі қалай боларын кезі келгенде біле жатармыз. Қорыта келе, министрлікке түскен өтінімдердің тізімін төменде қалдырдық:

  1. «Khan Tengri Biopharma» ЖШС – Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-да толық циклді биофармацевтикалық кешен құрылысы.
  2. «Химфарм» АҚ – Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңғырту және дәрі-дәрмектерді отандық өндіру үлесін ұлғайту мақсатында инфузиялық дәрілік заттар өндірісі бойынша жаңа желі ашу.
  3. «Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС – Алматы облысында жоғары технологиялық фармацевтикалық өндіріс құру.
  4. «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС – Қарағанды фармацевтикалық кешенінің өндірістік қуатын жаңғырту және ұлғайту.
  5. «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ – Алматы қаласында фармацевтикалық кешен салу (белсенді фармацевтикалық субстанциялар, дайын дәрілік заттар, биофармацевтикалық өнімдер – халықаралық GMP стандарттарына сай).
  6. «СантиФАРМ» ЖШС – Алматы қаласындағы Инновациялық технологиялар паркі АЭА-да биофармацевтикалық кешен құрылысы.
  7. «Steppe Pharmaceuticals» ЖШС – Алматы қаласында толық циклді фармацевтикалық зауыт салу.
  8. «MSN Pharmalab» ЖШС – Алматы қаласында қатты пероральді дәрілік түрлерді шығаратын жаңа фармацевтикалық зауыт құрылысы.
  9. «MSPL-ROMPHARM» ЖШС – Түркістан облысындағы арнайы экономикалық аймақта дәрілік заттар шығаратын фармацевтикалық зауыт құрылысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: