Дүйсенбі, 10 қараша, 14:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Пандемия өтті, бірақ салдары қалды: Дәрігерлер сепсис мәселесін көтерді

10.11.2025

45 0

Фото: BAQ.KZ

Қазақстанда әлемді жайлаған коронавирус пандемиясынан кейін қандай мәселенің жиілегені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы елордада өтіп жатқан халықаралық ғылыми конференцияның кулуарында берген сұхбатында ҚР ПІБ Медицина орталығы емдеу-диагностикалық жұмысы жөніндегі орынбасары, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева мәлімдеді.

Айтуынша, жиында бас қосқан мамандар талқыға салатын тақырыптың бірі – постковид кезеңінде жиілеген сепсис мәселесі.

Форумда терапия саласына арналған секцияларда диагноз қоюы қиын сирек және орфандық аурулардың нақты мысалдары қаралады. Дәрігерлер мұндай науқастарды қалай емдеу керектігі, дұрыс диагноз қоюға қандай зерттеу әдістері көмектесетіні туралы тәжірибе алмасады. Форумның басты тақырыптарының бірі – сепсис. Пандемиядан кейін бұл дерт жиілеген. Мамандар мұны антимикробтық препараттарды орынсыз қолданумен және көптеген науқастарда иммунитеттің төмендеуімен байланыстырады. Яғни қарапайым қабыну процесінің өзі уақытында тоқтатылмаса, септикалық жағдайға дейін асқынып, адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін, – деп түсіндірді дәрігер.

Айтуынша, сепсис мәселесін реаниматолог, терапевт, хирург және басқа да дәрігерлер бірігіп талқылайды. Мамандар бұл – тек бір саланың ғана емес, медицинаның бірнеше бағытына ортақ проблема деп отыр.

Нақты статистика болмаса да, мамандар сепсис тек хирургиялық емес, терапиялық бөлімдерде жатқан науқастарда да жиі кездесетінін айтады. Бұл – балаларға да, жастарға да, егде жастағы адамдарға да тән кең ауқымды мәселе. Сондықтан сепсиске арналған жеке секция ұйымдастырылды. Оған эпидемиологтар, микробиологтар, инфекционистер, интенсивист-дәрігерлер қатысып, мәселені жан-жақты талқылауда. Мақсат – әр мамандықтың тәжірибесін біріктіріп, тиімді шешім табу, – деді Раушан Қарабаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: