Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте папиллома вирусына қарсы екпе жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы ауруларға қарсы тиімді вакциналар тізімін кеңейту стратегиясын қолдап отыр.
2024 жылы онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакциналау енгізілді.
«2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарға АПВ вакцинациясы, сондай-ақ 12-13 жас аралығындағы қыздарға толықтыра иммундау жүріп жатыр. Бүгінгі күні 114,4 мыңнан астам қыз бала егілді, оның ішінде 11 жастағы қыздар саны 64 мыңнан асты, ал 12-13 жастағы бойжеткендер саны 50 мыңнан асты. Екпе алғандардың арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелмеген», – деді Бейсенова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!