Сәрсенбі, 12 наурыз, 18:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18,2131
08.03.2025
PDF мұрағаты

Перзентханада жаңа туған сәбиді күйдіріп алған

12.03.2025

28 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Семейде жаңа туған бала перзентханада қатты күйіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Сәбидің ата-анасы оны перзентханада күйік шалды деп есептесе, дәрігерлер генетикалық мутациямен байланыстырып отыр.

Отадан соң дәрігер – реанимация бөлімшесінің дәрігері келіп, сәбидің қолын күйік шалғанын айтты. Баланың астына температураны реттейтін кілемше төселген екен. Өз көзіммен көргенде, сене алмадым. Иығынан шынтағына дейін қап-қара болып күйіп кеткен, – дейді сәбидің анасы Камал Оразғалиева.

Жас отбасындағы төртінші баланың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалады. Оның бүкіл денесі күйік салдарынан күлдіреп кеткен.

Алайда дәрігерлер бұған күйіктің себеп болғанына сенімді еместерін айтып, ақталды.

Бүгінгі таңда баланың жағдайы ауыр деп бағалануда. Баланың жағдайына қатысты республикалық деңгейде ана мен бала орталығымен кеңестік. Баланы санавиациямен сол жаққа ауыстырамыз. Ол жақтағы әріптестеріміз де баланың денесін күйік шалмаған, тұқым қуалайтын немесе организмдегі генетикалық сипаттағы өзгеріс екендігін растады, – деді Абай облысты денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсем Орынбаева.

Ал сәбидің ата-анасы іске құқық қорғау органдарының араласқанын қалайды. Олар полицияға арыз жазғандарын алға тартты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: