Сәрсенбі, 30 қазан, 05:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86-2096
29.10.2024
PDF мұрағаты

«Pfizer» салдырушылар көп

23.11.2021

698 0

Сыр өңірінде көптің талқысына түскен «Pfizer» вакцинасын салдырушылар қатары күн санап артуда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінге дейін 1590 тұрғын аталған вакцинаны қабылдаған. Оның ішінде 233-і жүкті әйелдер болса, 1156 жасөспірімдер. Ал бала босанғаннан кейінгі аналар саны 201-ді құрап отыр.

– Бүгін міне, қалалық үшінші емханаға немеремді «Pfizer» вакцинасын салдыруға өзім ертіп әкелдім. Мына жаман індеттен сақтанудың бірден-бір жолы осы вакцина деп жатыр ғой. Әрбір ата-ана үшін баласының алдында ауырмай, жүгіріп жүргені бәрінен де маңызды. Сондықтан елден қалмай, көппен көрген ұлы той деп, немереме вакцина салдыруға келіп отырмыз, – деді қала тұрғыны Бахыт Әзизова.

Емхана мамандарының айтуынша, «Pfizer» вакцинасының бір флаконын 6 адамға салуға болады. Қазіргі кезде аталған вакцинаны өз еркімен алғысы келіп, емханаға хабарласып жатқан жүкті және емізулі аналар да бар екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: