Жылдағы үрдіспен қызылордалық полицейлер қайырымдылық донорлық акциясына қатысты.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, жылдағы үрдіспен 9 желтоқсан ПБ-ның ғимаратында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы, полковник Жаназаров Әбдібек Сламбекұлы бастаған басқарма қызметкерлері қызылордалықтардың өмірі мен денсаулығын құтқаруға өз үлесін қосқан ерікті донор болды. Бұл құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған бірінші қайырымдылық акциясы емес.
Полицияда көптеген тұрақты донорлар бар, олар мұқтаж науқастарға үнемі қан тапсыру міндеті деп санайды. Игі істі бастамас бұрын барлық донорлар медициналық тексеруден өтеді. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана қан тапсыруға болады. Әр донордан 450 мл қан алады. Процедураның өзі дайындықпен бірге 20 минуттан аспайды.
5 жыл бойы қан тапсыратын тұрақты донорлардың бірі жергілікті полиция бөлімінің инспектор психологы, полиция капитаны Ахбенбетова Гулвира болып табылады.«Бір донор-бір өмір» деп бекер айтылмаған және біздің іс-әрекеттеріміз біреудің анасы мен әкесінің, баласы мен ағасының өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеміз. Біз азаматтарды қан тапсыруға және адамдарға көмектесуге шақырамыз!», – деді полиция капитаны.
Полиция басқармасының бастығы Жаназаров Әбдібек Сламбекұлы: – «Полиция жұмысы күн сайын қауіп-қатермен байланысты, сондықтан да құқық қорғау органдарының қызметкерлері дертке тап болған адамдарға уақытында көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін басқалардан жақсы біледі. Өз елінің адал азаматтары ретінде, полиция қызметкерлері ауруханалық төсекте қайғыға душар болған адамдарға тек қана денсаулық тілейді. Полиция қызметкерлері арасында ерікті донорлар саны жыл сайын артып келеді».
Акцияға қатысып, «Қан тапсырған – біреудің өмірін құтқарады» – деген ойға келген полицейлер жұмыс орындарына қоғамдық тәртіп пен қаланың жол қауіпсіздігін сақтауға аттанды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!