Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Премьер-Министр: Ай сайын 2 млн адам вакциналансын

12.04.2021

1141 0

Қазақстанда вакцинациялау кестесін нақты түрде сақтау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакцинациялау графигі нақты сақталсын және сәуір айында, сондай-ақ мамыр мен маусым айларында, жоспар бойынша ай сайын 2 млн адамды вакцинациялау қамтамасыз етілсін. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге қоғамдық орындарды, соның ішінде сауда орталықтарын пайдалана отырып, вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді А. Мамин.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Ақпарат министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, халық үшін вакцианциялаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізуді жалғастыруы керек.

«Қоғам тек санитарлық нормарларды сақтау және вакцинациялау ғана пандемияның таралуын тоқтатып, экономиканың өсуін қамтамасыз ете алатынын түсінуі керек», – деді Үкімет басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: