Жұма, 22 қараша, 04:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Психикалық денсаулық орталығына күрделі жөндеу басталды

12.04.2023

946 0

Облыстық психикалық денсаулық орталығына қарасты психиатриялық стационар ғимараты өткен ғасырдың 70-жылдары пайдалануға берілген. Сол уақыттан бері нысан әбден тозығы жеткен болатын. Шатыры мен кәріз жүйелері ескірген ғимарат науқастардың сапалы медициналық көмек алуына қолайсыздық тудыратын. Енді міне, бұл мәселе өз шешімін тапты.

Қызылорда облысы әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен, ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарына тиісті қаражат бөлінді. Бұл жұмыстың атқарылуына орталық басшылығы зор үлесін қосты. Табандылық танытып, құзырлы мекемелерге проблеманың өзектілігін жеткізе білді.

Бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Құрылыс кезінде орталықтың шатыры, есік-терезелері, кәріз жүйелері, ғимараттың іші мен сырты және т.б. жаңартылатын болады. Заман талабына сай құрал-жабдықтар алынып, егу бөлмелері қайта жасақталады. Сонымен қатар, қосалқы ғимараттар да күрделі жөндеуден өтпек. Орталық айналасындағы қоршаулар ауыстырылып, аула ішін көгалдандыруға көңіл бөлінеді.

«Жасыратыны жоқ, бұл күні орталық қызметкерлері ұзақ күтті. Қазір құрылысшылардың ыңғайлы жұмыс жасауына қолдау көрсетіп жатырмыз. Ұйымдастыру шараларын өзімнің қатаң қадағалауымда. Әрбір атқарылған жұмыстың сапасы тікелей бақылауымызда болады. Қазір науқастарды жедел жағдайда қабылдап жатырмыз. Науқастардың қолайлығы үшін тиісті жұмыстар атқарылуда», – деді орталық директоры Әділбай Медетбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: