Сенбі, 21 желтоқсан, 23:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қайта вакциналаудан тұрғындардың 68 проценті өткен

22.08.2022

769 0

Пандемия басталғаннан бері Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясының 25720 жағдайы анықталды. Оның ішінде 16 833 жағдай ауру симптомдарымен болса, 8887 дерегі клиникалық белгілерінсіз анықталды. Соңғы тәулікте 3 жағдай есепке алынды, барлығы ауру симптомдарымен анықтылды және Қызылорда қаласында тіркелді.

Облыс бойынша КВИ-на қарсы егілуге тиісті 550 175 тұрғынның 1 турмен қамтылғаны-516 542 (93,9 пайыз), 2-турмен қамтылғаны-510 877 (92,9 пайыз).

Егу мерзімі басталғаннан 2022 жылдың тамыз айының аяғына дейін ревакцинациядан өтуге тиісті 341 780 тұрғынның 243 403 (71,2 пайыз) ревакцинациямен қамтылды. Оның ішінде 9 719 медицина қызметкерлері, мұғалімдер-12 386, құқық қорғау орган қызметкерлері-2 118, студенттер-2 193, мед.әлеуметтік сала-296, «Д» есептегі науқастар- 3 853, қалғаны басқа контингенттер.

Қайта ревакцинациядан өтуге тиісті тұрғындар-38 130 болса, бүгінгі күнге қамтылғаны 25 934 (68,0 пайыз)

Қазіргі уақытта облыста 476 доза «Казвак»,  10 595 доза «Синовак» вакцина қоры бар.

Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: