Сенбі, 30 қараша, 11:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95-2105
30.11.2024
PDF мұрағаты

Қамауға алынғандар медициналық тексерістен өтті

11.02.2022

959 0

 Жазасын өтеп жатқан жандардың денсаулығын сақтау ЗК-169/1 тергеу изоляторының медицина қызметкерлері үшін маңызды мәселе. Мекемеге жаңадан түскендер мен айдауылданып кететіндер, босатылар алдында және 6 ай сайын флюграфиялық, АИТВ тексеруден өткізіліп, дене жарақаттарының бар жоғы тексеріліп тұрады.

Кеше сотталғандар мен айыпталушылар арасында ауру мен өлім жағдайларын төмендетуге бағытталған ауруға шалдыққандарға уақытылы диагноз қою мақсатында,  Қызылорда облыстық денсаулық басқармасына қарасты № 6 қалалық емханадан арнайы мамандар шақыртылған.  

«Бұл тексерулер жүрек-қантамыр ауруларын, қант диабетін, қан қысымы ауруларын олардың қауіпті факторларын, сондай-ақ гепатиттерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Ерте сатыда анықтау аталған сырқаттарды жеңіл емдеуге және инсульт, инфаркт, соқырлық, бауыр циррозы сияқты асқынулардың алдын алуға ықпал етеді. Цироздың пайда болуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді, сондай-ақ ерте даму сатысындағы ісіктерді анықтау үшін керек»- деді, терапевт дәрігер Мөлдір Жакупова.

Әр сала мамандары тексерместен бұрын, антропометриялық өлшеуден өтеді. Одан соң белгілі бір жастағы азаматтардың қан қысымын терапевт, тіс аурулары бойынша стомотолг, хирург, уролог және  дерматолог пен психиятор дәрігерлердің тексеруінен өтті.

«Бүгінгі іс-шара аясында мекеме қамауында ұсталынып отырған 276 азамат толықтай тексерістен өтті. Тексеру коммиссиясының қорытынды нәтежиесінде, қант диабеті мен жүрек ауруларына күдікті науқастар анықталды.  Оларға тез арада  ультра  дыбыстық апаратқа түсуге және қан анализдерін өткізуге жолдама берілді. Енді одан арғы емін жауапкершілікпен  қадағалап, емдеу  жұмыстарын жалғастыра береміз»- деді, медицина бөлімінің бастығы, әділет лейтенанты Азиза Қайырбаевна.

Қамауға алынғандар медициналық тексерістен өтті
Қамауға алынғандар медициналық тексерістен өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: