Бейсенбі, 25 сәуiр, 15:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қан қысымынан қалай құтыламыз?

21.01.2023

549 0

Артериалық гипертензия әлемде ең көп тараған сырқаттың бірі. Ол инфаркт пен инсульттің дамуына әкеліп соғады. Алайда өмір сүру салтын өзгерткен кезде, зиянды әдеттерден бас тартып және дәрігер тағайындаған дәрілерді дұрыс қабылдағанда қан қысымын қалыпқа келтіруге болады.

Бұл көп жылдарға созылған жағдайда адам ағзасы біртіндеп жоғары артериялық қысымға бейімделеді, алайда жоғарылаған қысым тамырларға және олар­мен қуаттанатын ағзаларға ми, жүрек, бүйрекке патологиялық әсер етеді. Ұзаққа созылған артериялық қысым инсультқа, жүректің ишемиялық ауруына (стенокардия), миокард инфарктісіне, жүрек және бүйрек шамасыздығына әкелуі мүмкін.

Мұндай қысымның жоғарылауы кезінде аса жиі болатын белгілердің бірі – бастың, желке тұсының тартып ауыруы, құлақтың шулауы. Бұл жағдайда адам дәрігерге қаралуға мәжбүр. Алайда осы белгілер үнемі артериялық қысымның жоғарылауының  белгісі бола бермейді, кейде бастың ауырмауы да мүмкін. Гипертониялық ауру тұрақсыз түрде жоғарылайды және тынығу кезінде, стресс жағдайларын жою кезінде өз бетінше калыпқа келуі мүмкін. Дәрілік препараттарды үнемі қабылдау, артериялық қысымды қадағалау жағдайында емделушілердің көп жағдайда инсульт, миокард инфарктісі және тағы да басқа сияқты қауіпті асқынулардың алдын алуға болады.

Адам артериялық қысымды хал-жағдайы нашар­лағанда ғана емес, шағымдар болмаған жағдайда да тұрақты өлшеуі қажет. Сондай-ақ скринингтік тек­серілуден жылына бір рет жергілікті емханадан өтуі керек. Артық салмақтан арылу, тамақтанудың дұрыс болуы, тәулігіне 5-6 грамнан артық тұз тұтынбау, көбірек қимылдау, стресстен аулақ болу, шылым шегуден бас тарту қажет.

Жалпы бұл дерттің алдын алу әр адамның өз қолында екенін ескерген жөн.

Айжан МОЛДАХОЖАЕВА,

№3 қалалық емхананың жалпы

тәжірибелік дәрігері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: