Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қателіктен сабақ алу керек

13.04.2021

1657 0

Соңғы аптада аймақта коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Соған орай жауапты мамандар да дабыл қағып, сақтық шарасын күшейтуді ескертіп жатыр. Расымен бұл індеттің қандай қасірет екенін   өткен жазда көрдік. Қаншама аяулы жандар, ардақты азаматтар осы індеттің құрбаны болды. Марқұмдарды көз алдыңа елестетсең, қабырғаң қайысып, жүрегің ауырады.

Қазіргі кезде бас санитар дәрігердің қаулысында бекітілген шектеулердің кейбірі орындалмай жатыр. Оны біз күнделікті көріп-біліп те жүрміз. Көзге түскендеріне айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа да тартылуда. Дегенмен талапты бұзғандар қатары толастар емес. Осындай жауапсыздық салдарынан   күн сайын вирус жұқтырғандар қатары артып, қоғамды қайта әбігерге салуда.

Барлығымыздың  емін-еркін өмірге көшіп, жайбарақат тірлік кешкіміз  келеді. Бірақ сол күнді жақындататын сақтық шараларын қатаң сақтау қажет екенін кейбір жандар әлі түсінбей жүргендей. «Карантин болса айыппұлын төлерміз» деп той-жиынды да жасап, жақындарына қауіп төндіруде.  

Бүгінгі  шектеулер барлық азаматтардың қауіпсіздігі, елдің  саулығы үшін жасалуда. Сол себепті азаматтар  шектеу шараларын бұзбай, артылған жауапкершілікті түсініп, өзгенің өміріне қауіп төндірудің алдын алуы керек.

Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,

Қызылорда қалалық

мәслихатының хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: