Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қатерлі аурудың алдын алу

13.11.2024

178 0

Статистикалық деректерге сүйенсек, жатыр мойны обыры жасарған. Қатерлі ісіктің бұл түрі жас қыздарда жиі кездесіп жатыр. Соңғы 20 жылда ЖМО 26%-ға өскен.

Жыл сайын республика бойынша 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі, 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады. Сондықтан  жағдай күрделенгеннен кейін алдын алу жұмыстары күшейтіліп отыр. Соның бірі ауруға қарсы вакцинация.Адам папиллома вирусына қарсы екпе әлемнің 135 елінде қолданылады. Нәтижесінде кей мемлекеттерде әйелдерде жиі кездесетін жатыр мойны обырының таралуы 90 пайызға дейін төмендеген. Қауіпті ауруға қарсы вакцинациялау Қазақстан Республикасы Бас мемлекенттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №11 қаулысына сәйкес қыркүйек айынан басталды. Вакциналау 11 жастағы қыздарға жоспарлы тәртіппен салынады. Ал 12 -13 жастағы бұрымдыларға толықтыра иммундау жүргізіледі. Екпе кезінде ата-ананың келісімі ескеріледі. Олардың рұқсатынан соң алғашқы дозасы егіледі. Кейін 6 ай аралық мерзіммен екі рет егу қарастырылған.

Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша 4042 қыз бала адам папиллома вирусына қарсы екпе алды. Аталған вакцинаны емханадан немесе мектепте алу мүмкіндіктері қарастырылған. Алдымен, жеткіншекті дәрігер толықтай тексереді. Қарсы көрсеткіштер болмаса, вакцина егіледі. Содан кейін, 30 минут бойы ақ халаттылардың бақылауында болады. Бұдан бөлек, 3 күн бойы медицина қызметкері жасөспірімнің дене қызуын өлшеп, қарап отырады.

Бүгінгі таңда АПВ-дан ем жоқ, профилактиканың жалғыз әдісі – вакцинациялау. Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің АПВ-ны жұқтыруына байланысты екендігі ғылыми дәлелденген.

АПВ-ға қарсы вакцина жатыр мойны обырынан және папилломавирус тудыратын басқа да онкологиялық аурулардан қорғайды. Әлемдік деңгейде АПВ-ға қарсы вакцина өзінің қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеді.

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті АПВ вакцинасын алуға кеңес береді.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: