Жексенбі, 09 наурыз, 10:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18,2131
08.03.2025
PDF мұрағаты

Қауіпсіз парфюмерлік және косметикалық өнімдерді қалай таңдауға болады?

07.03.2025

42 0

Сурет:rospotrebnadzor.ru

8 Наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне де санаулы күндер қалды. Мерекеге арнап нәзік жандыларға сый құрмет көрсетіледі. Ең көп табысталатын сыйлфқтардың бірі парфюмерлік-косметикалық бұйымдар екені белгілі.
Ең алдымен өнімді таңдағанда, тауардың қаптамасының сыртын зерттеңіз. Тауардың қаптамасы күдік тудырмауы керек. Қаптамадағы әріптер анық және оңай оқылатын болуы тиіс. Кеден одағының «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес парфюмерлік-косметикалық өнімнің таңбалануы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

  • парфюмерлік-косметикалық өнімнің атауы;
  • дайындаушының атауы және оның орналасқан жері;
  • парфюмерлік-косметикалық өнімнің шыққан елі;
  • егер дайындаушы КО – ға мүше мемлекеттің аумағында талаптарды өзі қабылдамаса, дайындаушы тұтынушыдан шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген ұйымның атауы және орналасқан жері;
  • тұтыну ыдысындағы өнімнің номиналды саны, салмағы;
  • жарамдылық мерзімі;
  • өнімді қолдану кезінде ерекше сақтық шаралары, оның ішінде ескертулер туралы ақпарат;
    -парфюмерлік-косметикалық өнімдер партиясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін партия нөмірі немесе арнайы код;
  • орыс тілінде немесе латын әліпбиінің әріптерін қолдана отырып, косметикалық ингредиенттердің халықаралық номенклатурасына сәйкес ұсынылуы мүмкін ингредиенттер тізімі көрсетілуі керек.
    Сатушыда тауардың сапасын растайтын құжаттардың бар-жоғын нақтылаңыз.
    Парфюмерлік-косметикалық өнім Кеден одағының «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келуі тиіс, себебі бұл құжат адамның өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында өнімге, яғни оның құрамына, физика-химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық көрсеткіштеріне, улы элементтердің құрамына қойылатын талаптарды реттейді.
    Тек регламент талаптарына сәйкес келетін өнім кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланады. Сонымен қатар парфюмерлік-косметикалық өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің талаптарға сәйкестігі мемлекеттік тіркеу туралы куәлікпен расталады. Аталған өнімді тек арнайы рұқсат етілген сауда орындарынан алуға кеңес береміз.

Ерлан Ұзақбаев – Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: