Бейсенбі, 26 желтоқсан, 07:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Қазақстан халқына» қоры тағы бір сәбиге әлемдегі ең қымбат препаратты алып берді

06.05.2022

557 0

«Қазақстан халқына» қоры Қазақстанда тағы бір сәбидің еміне қаржылай көмек көрсетті. Қор біздің елде тіркелмеген қымбат тұратын «Онасемноген абепарвовек» (Zolgensma) препаратының тағы біреуін сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұлын бұлшықеті атрофиясы диагнозы қойылған кішкентай Фирдаус Қайратқа дәрі енгізілді. Қазір балақай анасымен бірге Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық орталығында дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Бұған дейін емделушіден биоматериал алынып, балаға арнайы дәрілік өнімді әзірлеу үшін Novartis компаниясына жіберілген. 
Естеріңізге сала кетейік, қор бұған дейін SMA диагнозы бар балаларға арналған төрт Zolgensma препаратын сатып алған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: