Жұма, 29 қараша, 17:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан қызылша ауруы бойынша бірінші орында

28.12.2023

811 0

Фото: massaget.kz

Біріккен ұлттар ұйымының балалар қоры ЮНИСЕФ деректеріне сүйенсек, Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлемде бірінші орында тұр, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Кейінгі мәліметтер бойынша қызылша жұқтырғандар саны 20 мың 200 адамға дейін өскен. Елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова Астанада да жағдай шиеленісіп тұрғанын айтты. Тәулігіне 45 жағдайға дейін тіркеледі екен.

Бұған дейін Астанада күн сайын қызылша жұқтыру бойынша 35 жағдай тіркелетіні айтылған еді. Науқастардың арасында екпе алмаған балалардың үлесі жоғары, яғни 67 пайыз немесе 725 жағдай. Ал 27 пайызы – екпе алғаны немесе алмағаны белгісіз ересектер. Бас дәрігердің айтуынша, екпе алған балалардың алты пайызы ғана ауырған.

Еске салайық, бұған дейін де сенатор Бибигүл Жексенбай елімізде 21 мыңнан аса адам қызылша жұқтырғанын, ауру көрсеткіші бойынша Қазақстан Африка елдерінің алдына шыққанын айтқан болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: