Жұма, 20 наурыз, 11:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20 (2232)
17.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда 56 стоматологиялық клиника лицензиясын ерікті түрде қайтарды

20.03.2026

31 0

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағы бойынша стоматологиялық клиникаларға жоспардан тыс тексерулер жүргізіп жатыр. Жалпы 400-ге жуық клиника тексерілді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Бұл жұмыс мемлекеттік органдардың тапсырмалары шеңберінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері арқылы жүзеге асырылуда.

— Жалпы тексеру тізіміне 622 стоматологиялық клиника енгізілген, бүгінгі таңда 392 тексеру жүргізілді. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, 103 клиникада заңбұзушылықтар анықталмаған. Қызметін тоқтатқан 174 стоматологиялық клиниканың 56-сы медициналық қызметті жүзеге асыру лицензиясын ерікті түрде қайтарған, — делінген хабарламада.

Жекелеген жағдайларда жедел әрекет ету шаралары қабылданып, субъектінің қызметі 30-дан 90 күнге дейін уақытша тоқтатылды, сондай-ақ медициналық қызметкерлер 30 күнге дейін жұмыстан шеттетілді.

Тексеру барысында медициналық көмекті көрсету стандарттарының сақталуына, лицензиялық талаптардың орындалуына және білікті мамандардың болуына ерекше назар аударылып отыр.

Жүргізіліп жатқан тексерулер, ең алдымен, пациенттердің құқықтарын қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және стоматологиялық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: