Жұма, 26 қыркүйек, 13:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда алғаш рет нейромодуляция қоғамының халықаралық конгресі өтеді

26.09.2025

113 0

Фото: Рауан Айтелінің жеке мұрағатынан

АСТАНА. KAZINFORM – 2-4 қазанда Алматыда нейромодуляция қоғамының халықаралық конгресі өтеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

 Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық маман жиналады.Олардың арасында нейромодуляция саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары болады: Konstantin Slavin (АҚШ), Andres Lozano (Канада), Harith Akram (Ұлыбритания), Shiro Horisawa (Жапония), Robert Levy (АҚШ), Atilla Yilmaz (Түркия), Marc Russo (Аустралия) және басқалар.

Халықаралық нейромодуляция қоғамы штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан, нейрохирург дәрігерлерді, невропатологтарды, әлемнің түкпір-түкпірінен келген зерттеушілерді біріктіретін халықаралық ұйым болып саналады. Ұйым мүшелерінің саны-3000-нан астам адам.

Қазақ нейромодуляция қоғамы осы конгресті 2024 жылы өткізуге өтінім беріп, Алматыда осы іс-шараны өткізу құқығын сәтті жеңіп алды.

Мұндай деңгейдегі іс-шара Қазақстанда да, бұрынғы КСРО аумағында да және бүкіл Орталық Азия өңірінде алғаш рет өткізіліп отыр.

Конгресте нейромодуляцияның ең өзекті технологиялары – нейростимуляторларды имплантаттау арқылы неврологиялық ауруларды емдеу – нерв жүйесінің әртүрлі деңгейлеріндегі жұмысын өзгертетін арнайы құрылғылар, соның ішінде әйгілі Илон Масктың NeuraLink жобасы және ұқсас Brain Computer Interface жобалары талқыланады.

Конгрестің шеңберінде нейромодуляцияның негізгі мәселелері – жұлынның нейростимуляциясы, ми стимуляторларын бағдарламалау, электродтарды жоспарлау, интраоперациялық нейромониторинг бойынша әлемнің жетекші мамандарынан мастер-кластар өткізіледі.

Айта кетейік, Қытайда жаңа буындағы нейрокомпьютер таныстырылды.

95 жылдық тарихы бар ҚР Президенті іс басқармасы Медицина орталығы ұлттық госпиталінің нейрохирургия бөлімшесінде білікті жастардың қатары аз емес. Соларды бірі – Рауан Айтелі. Жас дәрігер медицина қызметкерлері күні қарсаңында Kazinform агенттігінің тілшісіне мамандығының ерекшелігі туралы айтып берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: