Бейсенбі, 13 қараша, 17:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда алғаш рет робот жүрекке ота жасады

13.11.2025

48 0

Фото: Астана әкімдігі

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасында ел медицинасы үшін тарихи оқиға тіркелді. Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда алғаш рет жүрекке роботтандырылған технология көмегімен ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Операция Медициналық орталық ауруханасының кардиохирургтері мен Қытайдан арнайы келген дәрігерлердің бірлескен жұмысы арқылы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жүзеге асты.

Туа біткен жүрек ақауы – жүрекшелік перде ақауы бар 28 жастағы пациентке жасалған ота заманауи роботтық хирургиялық жүйе көмегімен орындалды. Ең маңыздысы – операция дәстүрлі стернотомиясыз, кеуде сүйегін ашпай, тек шағын тілік арқылы жасалды. Қазір науқастың жағдайы жақсы, дәрігерлердің айтуынша, бұл тәсіл оңалтуды едәуір жеңілдетеді.

Медициналық орталық бұл оқиғаны жоғары технологиялы кардиохирургияны дамыту жолындағы маңызды кезең және халықаралық әріптестікті тереңдететін айқын қадам деп бағалады.

Конференция аясында шетелдік сарапшылар да қазақстандық дәрігерлермен бірге бірқатар пациентті қабылдады. Мәскеуден келген медицина ғылымдарының докторы, кардиолог және функционалды диагностика маманы Ольга Джиоева жергілікті мамандармен бірге консультациялар жүргізді. Сондай-ақ Жапониядағы Әулие Мария ауруханасының гематология бөлімін басқаратын профессор Jeon Yungwoo тоғыз науқасты қарап, кәсіби ұсыныстарын берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: