Сенбі, 10 мамыр, 06:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33, 2146
06.05.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда ана сүтінің банкі ашылды

17.04.2025

382 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қазақстанда алғаш рет ана сүтінің банкі ашылды. Ол Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ана сүтінің банкі мерзімінен бұрын туған нәрестелер мен ерекше медициналық күтімді қажет ететін жаңа туған сәбилерге арналған. Бұл банк – суытылған және мұздатылған сауылған сүттің қоры.

Сүт стерильді жеке ыдыстарға сауылады, міндетті түрде таңбаланады (аты-жөні, сауылған күні мен уақыты көрсетіледі) және бұл процесс медбикенің бақылауымен жүргізіледі. Жеке де, клиникалық сүт сауатын құрылғыларды қолдануға рұқсат етіледі, – деп мәлімдеді Денсаулық министрлігі.

Мұндай банктер болашақта жоғары деңгейдегі перинаталдық көмек көрсететін барлық орталықтарда ашылады деп жоспарлануда. Бұл мекемелерде жоғары тәуекел факторлары бар жүкті әйелдер қабылданады. Министрлік атап өткендей, ана сүті – жаңа туған сәбилер үшін ең оңтайлы тағам және олардың иммунитетінің қалыптасуына ықпал етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: