Сейсенбі, 18 қараша, 18:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда «больничный» қалай төленеді?

18.11.2025

31 0

Фото: BAQ.KZ - архив

Күз келе салысымен біреуде тұмау, біреуде вирус – аурухана парағын әкелетіндер көбейді. Ал мұндай кезде «больничный» аталып кеткен еңбекке жарамсыздық парағы қалай төленуі керек? BAQ.KZ тілшісі ауырып, жұмысқа шыға алмаған күндерге төлем қалай жүргізілетінін қарапайым тілмен түсіндіреді.

Егер жұмыскер сырқатына байланысты өз міндеттерін орындай алмаса, Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші оған еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндіруінше, төлем жасау үшін жұмыскер медициналық ұйымнан берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жұмыс орнының бухгалтериясына ұсынуы тиіс. Бұл құжат жәрдемақы аударуға негіз болады.

Жәрдемақы мөлшері жұмыскердің орташа күндік табысына қарай есептеледі. Яғни, орташа күндік жалақы уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген ауру себебімен жұмысқа шықпаған күндер санына көбейтіледі.

Сонымен қатар төлем мөлшерінің шекті көлемі белгіленген:

еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша ай сайын төленетін жәрдемақы 25 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК), яғни 98 300 теңгеден аспауы тиіс. Осы тұста 1 АЕК 3 932 теңгеге тең екенін айта кетейік.

Еңбек министрлігі жұмыскерлерге еңбекке жарамсыздық парағын уақытында рәсімдеп, бухгалтерияға тапсыруды ескертеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: