Сейсенбі, 02 желтоқсан, 12:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандайды

02.12.2025

26 0

Фото: gov.kz

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, министрлік дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетігін енгізген.

2026 жылға арналған сатып алулар толықтай жаңартылған жүйе арқылы жүзеге асырылуда. Енгізілген өзгерістер нәтижесінде дәрілік заттардың кең тізбесі бойынша бағалардың едәуір төмендеуі есебінен бүгінгі күні 36 млрд теңгеден астам қаражат үнемделіп, сатып алудың экономикалық тиімділігін көрсетті. Бірқатар жоғары шығынды дәрілік заттар бойынша бағаның төмендеуі 50-ден 300 пайызға дейін жетті, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр қай дәрілердің қаншалықты арзандағанына тоқталды.

Мәселен, Иматиниб дәрісі бойынша баға 9450 теңгеден 2348 теңгеге төмендеді. Ал Бевацизумамб дәрісінің бағасы 360 мыңнан 77 мыңға дейін арзандады, – деді Ақмарал Әлназарова.

Министр атағандай, бұл саладағы бәсекелестікті арттырып қана қоймай, фармацевтикалық нарықтың ашық әрі әділ ортада жұмыс істеуге дайындығын көрсеткен.

Үнемделген қаражаттар ең алдымен алғаш рет анықталған пациенттердің қосымша қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жаңа баға қалыптастыру механизмі негізінде бөлшек және көтерме сауда үшін 4 900 атауы бойынша бағалар қайта қаралды. Қазан-қараша айларында бөлшек сауда желісін мониторингтеу нәтижесінде халық арасында сұранысқа ие препараттардың бағасы орта есеппен 12%-ға төмендеді, – деді еліміздің бас дәрігері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: