Жұма, 27 желтоқсан, 00:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы қаншаға өсетіні белгілі болды

28.02.2022

769 0

Биыл дәрігерлердің жалақысы 415 мың теңгеге, ал медбикелердікі 208 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, қазір елдің денсаулық сақтау жүйесінде 76 400 дәрігер жұмыс істейді. Оның ішінде 32 мыңы – бейінді мамандар.

«Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, биыл дәрігерлердің еңбекақысын 30%-ке, орта медицина қызметкерлерінің айлығын 20%-ға арттыру көзделген. Бұл тиісінше 415 мың теңгені және 208 мың теңгені құрайды», – деді Ғиният министрліктің алқа отырысында.

Ал 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге дейін, ал медбикелердікі 249 мың теңгеге дейін өседі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ министр медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленгенін атап өтті.

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: