Сурет: Экспресс К
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі «Жедел медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Экспресс К.
Жедел жәрдем бригадасына алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіби дайындық курсынан өткен қызметкер қосылды. Ол науқастарға қосымша көмек көрсете алады.
100 мыңнан астам тұрғыны бар моноқалаларда әкімдіктердің шешімі бойынша дербес жедел жәрдем станциялары ұйымдастырылады.
Бұл ретте қарқынды терапия дәрігерлер бригадаларының саны бригадалардың жалпы санының кемінде 25 пайызын құрауы тиіс.
Айта кетейік, қазір елімізде 1500-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, оның 18 пайызы арнайы бригадалар.
Сондай-ақ жедел жәрдем станцияларына медициналық ақпараттық жүйелердегі деректерді қарауға рұқсат беріледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!