Жексенбі, 29 наурыз, 12:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22 (2234)
28.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады – пилоттық жоба іске қосылады

29.03.2026

35 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстанда науқастың туысқандары мен дәрігердің қарым-қатынасын реттейтін бірыңғай стандарт енгізіледі. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына жолдаған жауапта айтқан, – деп хабарлайды KAZINFORM

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеушілермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пациенттердің туыстарын ақпараттандыруға арналған орталықтандырылған сервисті енгізу бағытында пилоттық жобаны іске асыру мәселесін пысықтап жатыр. Ол мыналарды көздейді:

— пациенттің ауруханаға жатқызылу мәртебесі туралы (бөлімшеде болуы, реанимацияда жатуы, операцияда болуы, басқа бөлімшеге ауыстырылуы және т. б.) туыстарын ақпараттандырудың бірыңғай арнасын құру;

— мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен цифрлық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, өтініш берушіні сәйкестендіру және оның өкілеттігін растау тетіктерін қамтамасыз ету;

— өтініштерді тіркей отырып және ақпаратқа қол жеткізуді шектеуді айқындай отырып, сервисті медициналық ақпараттық жүйелермен интеграциялау;

— медициналық ұйымдардың пациенттердің туыстарымен коммуникациясының бірыңғай регламенттері мен стандарттарын әзірлеу.

Қарапайымдап айтсақ, мемлекет науқастардың туыстарын ақпараттандыруды толықтай цифрландырмақшы. Ондағы мақсат – туысқаны ауруханаға түскен адамның ақпарат алу мүмкіндігін жеңілдетіп, дәрігерлерді басы артық қоңыраулардан босату, халық пен ауруханалар арасындағы дау-жанжалды азайту. Сол үшін бір ортақ сервис жасалады. Туыстар науқастың жағдайын, қай бөлімде жатқанын, отаға немесе жан сақтау бөліміне алынғанын, қашан жалпы палатаға ауыстырылғанын, қандай ем тағайындалғанын сол сервис арқылы көре алады. Бірақ ол мәліметті науқасқа жанашыр кез келген адам көре алмайды. Жүйе мәлімет сұрап отырған адамның расымен туыс екенін интеграцияланған порталдағы деректер базасы арқылы тексереді.

Пилоттық Жоба әуелі Астана мен Алматыда сынақтан өтеді. Сәтті болып жасат, сервис елдегі барлық ауруханалардың ақпараттық жүйелерімен біріктіріледі.

Еске салсақ, наурыздың басында дәрігерлерге күш қолданғандарды 12 жылға дейін бас бостандығынан айыратын заң күшіне енген болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: