Сәрсенбі, 10 желтоқсан, 11:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар зейнетақы қаржысын пластикалық операцияға ала бастады

10.12.2025

27 0

Фото: gov.kz

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пластикалық операцияларға пайдалану жүйесінде бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Data Hub арнасының мәліметінше, тек қараша айында ел тұрғындары пластикалық хирургия үшін 2 277 өтінім қалдырған. Бұл қызмет түрі бұған дейін сұраныстың төмен болуымен сипатталса, өткен айда жағдай түбегейлі өзгерді.

Аналитиктердің айтуынша, қарашада пластикалық операциялар үшін игерілген қаржы көлемі 2,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш қазан айымен салыстырғанда өтінім саны бойынша 33 есе, ал жалпы сома бойынша 39 есе көп.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері пластикалық операцияларға жіберілген өтінімдердің жиынтық саны қарашаға дейін 1,6 мыңнан аспаған еді.

Мамандар мұндай өзгерісті стоматологиялық қызметке өтінім қабылдаудың тоқтатылуымен байланыстырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: