Сейсенбі, 23 желтоқсан, 18:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандықтарға электронды денсаулық паспорттарына толық қолжетімділік беріледі

23.12.2025

48 0

Фото: Freepik

2026 жылы қазақстандықтар электронды денсаулық паспорттарына толық қол жеткізе алады. Қазіргі таңда жүйеде тек тіркелген емхана, тағайындалған дәрі-дәрмектер және стационарлық көмек туралы мәліметтер ғана көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарынан бастап деректер дәрігерге әр барған сайын автоматты түрде жаңартылып отырады. Оған дәрі-дәрмектердің тағайындалуы мен дозалары туралы ақпарат та кіреді.

24kz хабарлауынша, алдағы уақытта жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы азаматтар денсаулық жағдайын бақылау және аурулардың алдын алу үшін жеке ұсынымдар ала алады.

Сондай-ақ жүйе жедел жәрдемге жүгіну деректерін және зертханалық талдаулардың динамикасын қадағалауға мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Электронды денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Асқар Арғынбаевтың айтуынша, электронды денсаулық паспорты барынша толық медициналық ақпаратты қамтиды. Бұл пациенттер мен дәрігерлер үшін де ыңғайлы болады. Сонымен қатар деректерге қол жеткізу тек азаматтың келісімімен жүзеге асырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: