QazVac қазақстандық вакцинасының сапасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» ЖШС сертификатын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Төрағасы – Бас муфтидің орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына «Халал Даму» ЖШС сертификатын табыс етті.
Тіркеу нөмірі 000669, кәсіпорын өнімі – СТ 96090-5-2021 ЖШС Халал дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын жалпы талаптар бойынша сертификатталды. Сертификатқа «Халал Даму» ЖШС директоры А.А.Аташев қол қойған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!