Сейсенбі, 24 желтоқсан, 06:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

20.04.2023

849 0

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қызылорда облысы Қазалы ауданында мектеп оқушылар арасында топтасқан тағамнан улану жағдайы орын алып, жүргізілген санитариялық тергеп-тексеру нәтижесінде бірқатар санитариялық талаптардың сақталмағандығы анықталған болатын. Осыған орай облыс деңгейінде білім беру мекемелері асханаларымен байланысты тағамнан улану жағдайларын болдырмау және оның алдын алу бағытында мектеп асханалары қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, санитариялық-эпидемиологиялық, гигиеналық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, семинар өткізеді. Іс-шараға қоғамдық тамақтану және тамақ өнеркәсібі нысандарының, балаларға білім беру және мектеп жасына дейінгі ұйымдар асханаларының қызметкерлері арнайы шақырылды.


Семинар барысында тағамнан жаппай улану жағдайларының эпидемиологиялық ахуалы, жіті ішек инфекциясы аурушаңдығы бойынша аймақтағы эпиджағдай айтылды. 2023 жылдың І тоқсанында облыс көлемінде жіті ішек инфекцияларының 207 дерегі тіркелді. Жұқпалы жіті ішек ауруларымен науқастанғандардың 88% – 14 жасқа дейінгі балалар, соның ішінде жоғарғы аурушандық көрсеткіш 2 жасқа дейінгі балалар үлесінде. Тамақтан улану жағдайының облыс бойынша 87 жағдайы анықталды. Жалпы облыс көлемінде тіркелген тамақтан улану жағдайларының 71% Қызылорда қаласының үлесінде, қалған 29% Қазалы ауданында тіркелген.


Семинар барысында санитариялық дәрігерлер мен эпидемиологтар жұқпалы аурулардың алдын алу мен топтасқан тамақтан улануды болдырмау үшін мектептердің ас блогында профилактикалық шараларды, гигиеналық талаптарды сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, бірқатар санитариялық қағидалар бойынша түсіндірмелер берді. Атап айтқанда, ас мәзірін дұрыс ұйымдастыру, мектеп оқушыларының тәуліктік тағам рационының құнарлығын есептеу, тамақтану арасындағы интервал, азық-түлікті дұрыс сақтау мен дайындау талаптары, ас блогына дезинфекциялық тазалық жұмыстарының жүргізілу тәртібі және ас блогы қызметкерлерінің медициналық байқаудан уақытылы өтуі бойынша заңнамалық негізде ақпараттар берді.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: