Бүгін Қызылорда облысына жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы келдi.
Сапар барысында Денсаулық сақтау министрі алдымен Шиелi ауданы Досбол би ауылында "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы аясында жаңадан пайдалануға берілген дәрігерлiк амбулатория жұмысымен танысты. Одан соң Бестам ауылында құрылысы жүрiп жатқан медициналық орталық пен Шиелі ауданындағы 30 төсектік инфекциялық стационар құрылысын көрді. Онда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы Сыр медицинасында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасына сәйкес, Шиелі ауданы бойынша биыл 5 елді мекенде дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілмек. Одан бөлек ағымдағы жылы 30 төсекті жұқпалы аурулар бөлімі ғимаратының құрылысына жоба-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткізілiп, құрылыс-монтаж жұмысына ҚР Үкіметінің резервтік қаржысынан "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде 2024 жылдың жоспарына енгізілді.
Жалпы бұл ауданда ауданаралық аурухананың көп бейінді аурухана болып өзгеруіне байланысты медициналық қызмет түрлерін кеңейту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Осыған сәйкес инсульттік бөлімше ашылды. Тағы бiр айта кетерлiгi, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан МРТ (құны 650 млн. теңге) жарақтауды жоспарлап қойды. Бұл да ұлттық жоба барысында атқарылар жұмыстардың бiрi.
2024 жылы аудандық ауруханаға аймақ басшысының қолдауымен 10 санитарлық автокөлік алынатын болса, бүгінгi күнге дейін оның 6-уы берiлдi. Қалғаны жыл соңына берiлмек.
Денсаулық
Министр_сапары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!