Қазіргі уақытта, құс еті және басқа да құс еттерінің өнімдерін халық көптеп тұтынуда. Онда жануарлар ақуызы, минералдар, калий, кальций, фосфор және дәрумендер бар. Тағы бір жағымдысы – майлар аз, сондықтан мұндай ет диеталық болып саналады, бірақ энергетикалық құндылығы жоғары. Егер сіз осындай еттің белсенді тұтынушысы болсаңыз, қауіпсіз және сапалы өнімді таңдауға көмектесетін жайттарды білгеніңіз маңызды. Құс еті мен осыған ұқсас өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар «Құс еті мен оны қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 051/2021 техникалық регламентінде белгіленген. Осы регламентке сәйкес жануарлардан алынатын қайта өңделмеген өнім ветеринариялық-санитариялық сараптамадан, қайта өңделген өнім декларациялаудан, ал балалар тағамына арналған құс етінен жасалған өнім мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Мұндай ет еріген кезде бұлшықет тіндері серпімділігін жоғалтады, ал егер өнім ұзақ уақыт сақталса, ол өзінің жағымды дәмі мен хош иісінен айырылады. Бұл процестерді теңестіру және құс еті салмағын көбейту үшін кейбір өндірушілер құстың бұлшықет тініне тұз ерітіндісін, фосфат ерітіндісін немесе жай суды енгізеді. Осы ретте, техникалық регламенттің талаптарына сәйкес құс етіндегі ылғал 4%-дан аспауы керек – ерігеннен кейін құс еті тиісінше жеңіл болуы тиіс. Егер мұндай мұздатылған қаптамада мұз, қар немесе тіпті мұздатылған қан бөліктері болса – өнімдер жібіту арқылы қайтадан мұздатуға ұшырағандығын білдіреді.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қауіпсіз құс етін таңдағанда назар аударуды қажет ететін келесі мән-жайларды ескеруге кеңес береді:
- етті тек арнайы рұқсат етілген, ұйымдастырылған сауда орындарынан, яғни дүкендер мен базарлардан және супермаркеттерден сатып алғаныңыз дұрыс;
- құс еті өнімдерінің сыртқы түрі мен иісіне көңіл бөліңіз. Иісі құс етінің өзіндік балғын иісіне тән болуы керек.
- таңбалауына назар аударыңыз! Таңбалауда міндетті түрде: өндірушінің атауы, мекенжайы, өнімнің түрі, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары (температуралық режим) көрсетілуі тиіс.
Егер өнім сапасына күмәніңіз болған жағдайда сатушыдан сәйкестігін растайтын құжаттарын көрсетуді талап етуге құқылысыз.
Осы тұрғыда халықты қауіпсіз және сапалы тағам өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық басқармалармен бірлесе отырып, өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында сауда орындарынан 9 құс еті өнімінің үлгілері іріктеліп, зертханалық зерттеу нәтижесінде Ресей Федерациясының 3 өнім таңбалану бойынша Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сай еместігі анықталды. Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша сауда объектісіне өнімді кері қайтарып алу түрінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулылар берілді.
Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшысының орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!