Жұма, 27 желтоқсан, 08:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қышыма ауруынан қалай сақтану керек?

13.04.2023

1298 0

2023 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бойынша қышыма ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз болып қалыптасты. Жыл басынан бері қышыманың 21 дерегі тіркеліп, бұл өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 3 есеге артқандығын көрсетеді. 14 жасқа дейінгі балалар арасында қышымамен сырқаттанушылық көрсеткіші жоғары, барлық тіркелген аурудың 57 проценті осы контингенттегілер үлесінде. Сондықтан Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова аурудың алдын алу жолдарымен бөлісті.

«Қышыма – бұл жұқпалы тері ауруы, оның қоздырғышы қышыма кенесі. Қышыма кенесі – адамның терісіне еніп, сол жерге жұмыртқалай алатын микроскопиялық паразит, одан ересек кенелер 10 күннен кейін пайда болады. Қышыма кенесінің дернәсілдері жоғары температураға өте сезімтал, қайнатқан және ыстық үтікпен үтіктеген кезде бірден өледі.

Инфекция науқас адаммен тығыз қарым-қатынаста болған кезде, сондай-ақ іш киім, төсек-орын, киім, жеке гигиена құралдары,  яғни орамалдар, жуғыштар және тағы басқа заттар арқылы жұқтырылады», − Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Отбасы – қышыманың негізгі ошағы. Инфекцияны жұқтыру себебі киім мен жеке гигиена құралдарын ортақ пайдалану болып табылады. Медициналық көмекке кеш жүгінуге байланысты (тері бөртпелерінің пайда болуы көбінесе аллергиялық реакция ретінде бағаланады) инфекция отбасында одан әрі таралады.

Ауруға тән белгілер – қолдың саусақ аралық қатпарларында, кеуде және іш терісінде, бөкселерде, санның ішкі бөлігінде, аяқтарда қышу мен бөртпелердің пайда болуы. Қышыманың айрықша ерекшелігі – түнде қышудың күшеюі.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қышыманы жұқтырудың алдын алу үшін мынадай қарапайым жалпы гигиеналық қағидаларды орындауды ұсынады:

– аптасына кемінде бір-екі рет жуыну;

– тек жеке гигиена құралдарын пайдалану және басқа адамдармен жеке заттарды айырбастамау;

– көшеден үйге оралған соң міндетті түрде қолды сабындап жуу;

– жаңа киім, төсек-орын және іш киім сатып алғаннан кейін оларды міндетті түрде жуып, ыстық үтікпен үтіктеңіз;

– орамал, төсек-орын және іш киімді жиі ыстық сумен жуу, міндетті түрде ыстық үтікпен үтіктеу;

– үй жануарларымен байланыста болғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

– қаңғыбас жануарлармен байланыста болмау;

– мысықтар мен иттерді сатып алғанда, жануарда аурудың болмауы және саңырауқұлақ ауруларына қарсы вакцинациялау үшін ветеринармен кеңесу қажет;

– шаштараздарға, спорт залдарына барғаннан кейін міндетті түрде душ қабылдау немесе моншаға бару.

Егер сізде қышыма белгілері немесе тері бөртпесі байқалса, дереу дерматовенерологқа хабарласыңыз. Бұл ауруды дер кезінде диагностикалаудың және тиімді емдеудің кепілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: