Сенбі, 21 желтоқсан, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

“Қызыл” статусы бар қызылордалықтар көбінесе қоғамдық тамақтану орындарына баруға тырысқан

08.02.2022

617 0

Бүгінгі күні Қызылорда облысында 3 972 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған. Басым көпшілігі қоғамдық тамақтану объектілерінің үлесінде.


Жүйе іске қосылған сәттен бастап «қызыл» және «сары» мәртебемен 1 308 тұлға карантиндік оқшаулану тәртібін бұзған. Олардың ішінде ПТР-дің оң нәтижесімен 877 науқас және 435 байланыста болған адам бар. Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, бұзушылардың басым көпшілігі коронавирус инфекцисына шалдыққан науқастар. Олар ауру тасымалдаушысы екенін ескерместен, қоғамдық орындарға барған. «Ashyq» жүйесі осындай карантин талаптарын бұзушыларды дер кезінде анықтап, қауіптің алдын алады.


Ағымдағы жыл басынан бері 150 тұлға үйде оқшаулану тәртібін сақтамаған. Оның 135-і «қызыл» статус, 15-еуі «сары». ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес індетке шалдыққандығын біле тұра, карантин талабын бұзған 7 адамға жалпы көлемі 300 мыңнан астам теңгеге айыппұл салынды. Ал науқастармен қарым-қатынаста болған 11 адамға оқшаулану тәртібін сақтау туралы Қаулы шығарылды.
Карантин талаптарын бұзушылықтар әсіресе қоғамдық тамақтану, сауда объектілерінде, сондай-ақ темір жол вокзалы мен әуежай жолаушыларынан көптеп анықталуда. Дегенмен соңғы уақытта індетке шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған тұлғалар арасында оқшаулану тәртібін бұзу жағдайлары азаюда.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: