Жұма, 27 желтоқсан, 08:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда әлі «қызыл» аймақта

18.01.2022

454 0

Аймақта эпидахуал күрделене түсті. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиоллогиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева­ның хабарлауынша, соңғы күндері індет қайта күш ала бастаған.

17 қаңтарға дейін Қызыл­орда облысында коронавирус инфекция­сын жұқтырудың 21 278 жағдайы тіркелді. Оның 70% клиникалық белгілерімен анықтал­ды. Соңғы жеті күнде­гі көрсеткіштер корона­вирус­тың қайта күш ала бастағанын көрсетіп отыр. 2022 жылдың алғашқы 16 күнінде COVID-19 инфекциясына 1488 тұрғын шалдықты.  Бұл желтоқсан айындағы барлық тіркелген деректен бірнеше есеге жоғары. Тәуліктік көрсеткіштер де 2-3 деректен 300-ден астам жағдайға дейін көтеріліп отыр. Қызылорда облысы 13 қаң­тардан бастап «қызыл» аймақта.

17 қаңтарда 270 жағдай есепке алын­ды, басым көпшілігі облыс орталығында анық­талды. 

Эпидахуал күрделенуінің басты себеп­те­рінің бірі – азаматтардың сақтық шараларына салғырт қарап, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындамауы, сонымен қатар аймақта жұқпалылығы жоғары «омикрон» штамымен байланысты деген болжам бар.

Облыста құрылған 167 мониторингтік топ тұрғындардың және кәсіпкерлік ны­сандарда карантиндік талаптардың сақталуын тұрақты бақылауда.

COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина­циялау көрсеткіштері бойынша облыс рес­публикада алғашқы бестікте. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 90%-тен астамы коронавирусқа қарсы екпенің бірінші ком­понентін алды, ал  86%-тен астам  вирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өтті. Ал «Pfizer» препаратының бірінші екпесін алған тиісті контингент 18%-тен асса, екінші екпесін салдырғандар саны 10%-тен асты. Облыста халықты иммундауға арналған вакцина қоры жеткілікті.

Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаң­тардағы №1 Қаулысы қабылданып, бірқатар шектеу шаралары күшейтілді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әлемдегі коронавирус инфекциясының күр­делі ахуалын ескеріп, азаматтарды карантин талаптарын жауапкершілікпен сақтауға вирусқа қарсы вакцинациялауға шақырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: