Сәрсенбі, 20 қараша, 12:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда дәрігерлеріне 170 млн теңге үстемақы төленді

15.03.2021

961 0

Әлемді жайлаған індетпен күресте дәрігерлердің еңбегі алдыңғы ұшан теңіз. Күндіз-түні науқастарды аурудан емдеп шығу үшін барын салып жатқан абзал жандар бүгінде елеусіз қалмады. 2020 жылдың 4 сәуірдегі ҚР ДСМ 28/2020  «Covid-19» инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдарына жұмыс жасау тапсырылды. Осыған орай бүгін облыстың бас дәрігері Сәбит Пазилов Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді.

Қаулыға сәйкес эпидемияға қарсы іс-шараларда қызмет етіп жүрген дәрігерлерге коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуекел топтары бойынша үстемақы төлеу 2020 жылғы наурызда басталды. Мәселен бірінші, яғни жұқтыру қаупі өте жоғары болып саналатын қызметкерге 850,0 мың теңге үстемақы төленді. Ол топқа коронавирус жұқтырған науқастарға реанимация, стационарлық және басқа бөлімшелерде қызмет ететін дәрігерлер жатқызылды. Ал провизорлық стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, фельдшер дәрігерлер екінші топқа жатқызылып, 425,0 мың теңге үстемақы төленді. Ал үшінші топтағы карантиндік стационардағы дәрігерлерге, жедел жәрдем бригадасының жүргізушілері, зертхана мамандарына 212,5 мың теңге көлемінде үстемақы төленуде.

– Осы ретте ең бірінші үстемақы өткен жылдың наурыз айында төленіп, Қызылорда өңіріндегі осы топтарға жататын дәрігерлерге 63,6 млн теңге үстемақы берілді. Ал шілдеде коронавирусты жұқтырғандар саны күрт өскен кезеңде аймақтағы 3458 дәрігерге жалпы көлемі 947 млн теңге қаражат төленді, ­– деді Сәбит Бексейітұлы.

Дәрігерлерге үстемақы төлеу әлі де жалғасуда және осы жылдың 6 айына дейін ұзартылған. Бұл ақпаратты және биылғы жылдың алғашқы екі айында қызылордалық дәрігерлерге қанша үстемақы төленгені туралы аймақтың бас дәрігері айтты. Оның хабарлауынша, 2021 жылдың қаңтар айында 1060 дәрігерге 152,7 млн және ақпанда 1288 медицина қызметкеріне 169,8 млн теңге үстемақы төленген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: