Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысы бойынша паразиттік аурулардың эпидахуалы

31.07.2023

428 0

2023 жылдың 6 ай қорытындысымен паразитологиялық аурулардың 174 дерегі тіркелді. 2022 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 10,7%-ға жоғары болып қалыптасты.Дегенмен жекелей түрлері бойынша төмендеу тенденциялары байқалады. Атап айтқанда, энтеробиоз  ауруы 13,7%-ке, аскаридоз 4 жағдайға, гименолепидоз 2 жағдайға азайған.

Жыл сайын паразиттік ауруға шалдыққандардың басым көпшілігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, нақты атап кетсек балалардың үлес салмағы 2022 жылдың 6 айында80,1%немесе 117 жағдайдықұраса, 2023жылдың осы мерзімінде74,1%немесе 117 жағдай құрады.

Тіркелген барлық паразиттік аурулардың 47,7% ұйымдасқан балалар арасында тіркелген.

Облыс көлемінде есепті кезеңде эхинококкоз ауруының 22 жағдайы анықталды.Орташа облыстық көрсеткіштен жоғары аурушандық Жаңақорған, Жалағаш,Сырдария және Шиелі аудандарында орын алды.

Кәсіби құрамы бойынша жіктейтін болсақ, мектеп оқушылары –  4, жұмыссыздар – 8,  жұмысшылар мен қызметкерлерлер -5,  зейнеткер, ұйымдаспаған балалар- 2, бала бақша баласы -1.

Науқастанғандардың 15 жағдайында эхинококкоз кистасы бауырда, қалған 7 жағдайда өкпеде орналасқан.

Эхинококкоз  ауруыошақтарында  эпизоотологиялық-эпидемиологиялық зерттеу  жүргізіліп, қарым-қатынастағылар анықталып, ошақта індетке қарсы алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Есепті мерзімде тіркелген эхинококкоз ауруының 36,4% үй жануарларымен  (ит) байланысты, 6жағдайда алиментарлы жолмен жұқтырылғаны анықталған.

Паразиттік аурудың тағы бір түрі – дерматомикоз ауруының 105 жағдайы тіркеліп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  25,1%-ке  төмендеген.  Тіркелген  аурудың 79 жағдайы немесе 75%- 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде.

Дерматомикоз ошағында қорытынды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген.

Қышыма ауруының 50 жағдайы тіркеліп, 2022 жылдың ағымдағы мерзімімен салыстырғанда  аурушанық  1,6 есеге өскендігі байқалады. Тіркелген  аурудың 32 жағдайы немесе 64пайызы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Кәсіби құрамы бойынша науқастанғандардың 44%мектеп оқушылары,20% ұйымдаспаған балалар, 4% мектепке дейінгі мекеме балалары, қалған 32% ересектер құрады.

Паразиттік аурулардың алдын алу үшін Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесідей сақтық шараларын орындау қажеттігін еске салады:

*жеке гигиена ережелерін ұстану;

*қоғамдық тамақтандыру орындарында, асүйде санитариялық ережелерді орындау, өнімдердің пісіру технологиясы мен сақталу мерзімінің бұзылмауына назар аудару;

*азық-түлікті тек арнайы рұқсат құжаттары бар белгіленген сауда орындардан сатып алу;

*қайнатылған және құтыдағы суды пайдалану;

*барлық мал шаруашылығы азық-түліктерін, сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін қолданар алдында мұқият тазалап, термиялық өңдеуден өткізу;

*жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күн сайын ылғалды жинау;

*балалардың үй жануарларымен жақын қарым-қатынасын шектеу, жануарлармен жанасқаннан кейін қолды сабындап жуу;

*үй жануарларын уақытылы ветеринариялық тексеруден өткізу;

*төрт түлікті төлдету, қырқу, сою кезінде арнайы киім киіп, қолғаппен жұмыс жасау.

Аталған сақтық шаралары паразиттік және инфекциялық ауруларды жұқтырып алу қаупін төмендетеді. Кез келген аурудан сақтанудың негізгі жолы олардың алдын алу шараларына салғырт қарамаудың маңызды екендігін ұмытпаңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: