Қызылорда облысы бойынша 2025-2026 жылғы жаңа эпидмаусым басталғаннан бүгінгі күнге дейін ЖРВИ-дің 72 618 жағдайы есепке алынды. Оның ішінде 70% – 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Жалпы ауруға шалдыққандар арасында ауруханаға жатқызылғандар көрсеткіші – 4%.
ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың ауыр ағымындағы 833 науқастың сынамасы ПЦР әдісімен тексеріліп, нәтижесінде зертханалық жолмен A типті (H3N2) 176 тұмау ауруы нақтыланды.
Аурудың алдын алудағы тиімді әрі сенімді шаралардың бірі – вакцинация. Осы мақсатта 2025-2026 жж. эпидмаусымға 85 006 доза вакцина сатып алынып, 84 мыңға жуық тиісті контингентке тұмауға қарсы вакцина жүргізілді, оның ішінде балалар – 23466, ересектер – 60531.
Жұмыс берушілер тарапынан 2000 доза сатып алынып, 2000 екпе жүргізілді. Қосымша Ресей Федерация есебінен 3360 Байқоңыр қаласының тұрғындары екпемен қамтылды. Жалпы облыс бойынша бүгінгі таңда тұмауға қарсы 2025-2026 жж. эпидмаусында 89419 азамат егіліп, облыс тұрғындарының 10,3 пайызы қамтылды.
Тұмаудан бөлек тұмау емес вирустарды анықтау мақсатында 660 сынама зерттеумен қамтылды, нәтижесімен 20 тұмау емес вирус анықталды, оның ішінде аденовирус – 1, риновирус – 13, РС – 4, боковирус – 2.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұмау ауруынан сенімді қорғану үшін вакцинацияға қосымша қарапайым сақтық шараларын ұсынады:
- эпидмаусым кезеңінде мүмкіндігінше халық көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
- нашар желдетілетін орындарға барғанда бетперделік режимді ұстану;
- ауру белгілері бар адамдармен байланысты шектеу;
- жеке бас гигиенасын сақтап, антисептиктерді пайдалану;
- салауатты өмір салтын сақтап, ауа-райына сәйкес киіну;
- үй-жайларда ылғалды тазалық жұмыстарын жиі жүргізіп, ауаны тазартып отыру маңызды.
Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге бару керек.
Г. Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!