Жексенбі, 29 желтоқсан, 08:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысы туу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында

30.09.2022

465 0

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазилов және медицина ұйымдарының басшыларымен бiрге ана мен балаға көмек көрсетудің үшінші деңгейлі сатысына жататын акушерлік-гинекологиялық, неонаталдық көмектің толық спектрі көрсетілетін 320 төсектік облыстық перинаталдық орталығына барды.

Онда орталықтың бас дәрігері министрге ана мен бала денсаулық сақтау бағытындағы негізгі атқарылған жұмыстарды баяндады.

Бұл орталықта асқынған ағымы бар жүкті әйелдерді білікті басқару, жоғары қауіпті топтарды анықтау жүргізіледі, жаңа туған нәрестелерге қарқынды реанимациялық көмекті, шала туған балаларды күтуді қоса алғанда, қолжетімді мамандандырылған көмектің барлық спектрі көрсетіледі.

Перинаталдық орталықтың нәрестелер жансақтау бөлімінен бастаған еліміздің бас дәрігері, мерзімінен ерте босанған әйелдермен тілдесіп, оларға психологиялық қолдау көрсетті. Денсаулық сақтау министрі аймақтағы акушерлік және неонатологиялық қызметтің бақылау сапасына тексеру жасады. Сондай-ақ, босану бөлімінің жұмысымен танысып, анестезиология-реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесін қарап, тиісті тапсырмалар берді.

«Біз үшін қызметтің ең басым бағыттарының бірі – ана мен баланы қорғау болып қала береді. Мемлекет басшысы жариялаған “Балалар жылында” Денсаулық сақтау министрлігі құрсақішілік кезеңнен бастап балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған бірнеше бастаманы жүзеге асыруда. Қабылданып жатқан шаралар жүкті әйелдерді босануға дейінгі сапалы бақылаумен қамтуды 80% – ға дейін арттыруға ықпал ететін болады», – деп атап өтті А.Ғиният.

Айта кетейік, Қызылорда облысы республикада туу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: