Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында 10 мыңнан астам адам вакцина салдырды

13.04.2021

1276 0

Бүгінге дейін Қызылорда облысында 10 659 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды. Жақын күндері тағы да «Спутник V» вакцинасының бес мың дозасы жеткізіледі. Сондай-ақ, аймаққа сәуір айының аяғында «QazCovid-in» вакцинасы әкелінеді деп жоспарлануда.
– Жалпы, шілде айына дейін 80 мың адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Эпидемияны түбегейлі жеңудің жолы – вакцина салдыру. Әрине, ол ерікті түрде жүргізіледі. Негізінде ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз керек. Сол себепті барша халықты коронавирус инфекциясынан қорғану үшін сақтық шараларын сақтауға, екпе салдыруға шақырамын, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.
Айта кетейік, аймақтағы коронавирусқа қарсы вакцинацияның екінші кезеңінде 1261 педагог екпе салдырды. Қатерлі індетке қарсы вакцина қабылдаған тұрғындар арасында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, директорлар мен педагогтар, сондай-ақ бар облыстық Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова бар.
– Өзім де №3 қалалық емханада вакцина салдырдым. Дәрігерлер денсаулығымды бақылап, қан қысымымды өлшеді. Дене қызуымды тексеріп, екпе екті. Білім беру ұйымдарын аралап, педагогтармен қарым-қатынас орнатып, балалармен кездесетіндіктен, вакцина салдырудың маңызы зор және одан қорқудың қажеті жоқ. Сәт сайынғы статистика індеттің таралуы бәсеңси қоймағанын көрсетеді. Адам шығыны да аз емес. Өтпелі кезеңді өткеру, алқымнан алған індеттің жолын кесу және оның таралып кетуін неғұрлым азайту мақсатында біздің елде барлық шара қолданылуда. Білім саласында еңбек ететін ұстаздар қауымы үшін оның маңызы зор. Кемел келешектің кілті – балалардың денсаулығын сақтауға тиіспіз. Қазір біз мектепке келетін балалардың денсаулығына жете мән беріп, 5 сатыдан тұратын дезинфекциялық тексерудің толыққанды іске асуын қадағалауда ұстаудамыз, – дейді басқарма басшысы Ақзира Қасымов.
Қазіргі таңда облыста 9 ПТР аппараты жұмыс істейді. Тәулігіне 1000-1100 аралығында сынама алынуда. Қажеттілік туындаған жағдайда зерттеу санын 1900-ге дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: