Дүйсенбі, 06 сәуiр, 18:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24 (2236)
04.04.2026
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында атмосфералық ауаға жүргізілген
мониторинг нәтижелері

06.04.2026

82 0

Фото: ашық дереккөзден

Ауаның ластануы кез-келген адамның денсаулығына әсер ететін маңызды экологиялық факторлардың бірі. Сондықтан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында атмосфералық ауаның жай-күйі тұрақты бақыланады.

Атмосфералық ауаның санитариялық мониторингі — елді мекендердегі ауа сапасын, ластаушы заттардың концентрациясын жүйелі бақылау арқылы халық денсаулығына әсерін анықтау жүйесі. Мұндағы мақсат — зиянды заттардың рұқсат етілген шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау, адам денсаулығына тiршiлiк ету ортасы факторларының (химиялық, физикалық, биологиялық, әлеуметтік) әсер етуі туралы дәйекті ақпарат алу, уланулардың пайда болуының және инфекциялық аурулардың, кәсіптік аурулардың өршуінің алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың пайда болуын болжау мүмкіндігі болып табылады.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің қадағалауында атмосфералық ауаға ұйымдастырылған шығарындылары бар 28 нысан бар. Барлық көздерден атмосфералық ауаға 22 ластаушы зат бөлінеді, оның ішінде алтауы 1-2 қауіптілік сыныбына жатады.
Департаменттің аумақтық басқармалары тұрақты негізде елді мекендердің атмосфералық ауасының жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асырады. Іс-шаралардың тиімділігін бағалау белгіленген тәртіппен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының (санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер, әдістемелік нұсқаулар және ұсынымдар) талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі. Алдымен өнеркәсіп аймақтары, тұрғын аудандар, жол маңы сияқты бақылау нүктелері таңдалады. Зерттеу мерзімі мен жиілігі белгіленеді. Арнайы құралдар арқылы ауа сынамалары алынады. Сынамалар әртүрлі биіктікте және уақыт аралығында, тәуліктің әр кезеңінде жиналады. Ластаушы заттардың таралуын толық бағалау үшін бірнеше нүктеде жүргізіледі. Жиналған сынамалар зертханада талданады. Химиялық, физикалық және кейде биологиялық әдістер қолданылады. Алынған көрсеткіштер санитариялық нормалармен, яғни шекті рұқсат етілген концентрациялар салыстырылады. Ластану деңгейі анықталады. Ауаның адам денсаулығына ықтимал әсері бағаланады. Мониторинг деректері мемлекеттік органдарға экологиялық саясатты жетілдіруге, өнеркәсіптік шығарындыларды реттеуге және экологиялық нормаларды енгізуге негіз болады.
2026 жылдың 1-тоқсанында атмосфералық ауаның 1025 сынамасы алынып, оның ішінде шектеліп рұқсат етілген концентрациядан жоғары сынама анықталған жоқ.
Атмосфералық ауаның санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі – бұл тек экологиялық бақылау ғана емес, ол қоғамдық денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажет кешенді жүйе.

Г. Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: