Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында ауыз сумен байланысты инфекциялық аурулар тіркелген жоқ

09.02.2022

707 0

Қызылорда облысының халқына берілетін ауыз сумен жабдықтаудың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс. Ауыз судың эпидемияға қатысты қауіпсіздігі оның микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша нормативтерге сәйкес келуімен айқындалады.

Ауыз суды ішек тобындағы патогенді бактериялар мен энтеровирустарға зерттеулер, сондай-ақ тиісті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі бойынша эпидемиологиялық көрсетулер бойынша өткізіледі.

Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2021 жылы ерекше тәртіппен 116 сумен жабдықтау объектісін тексерді. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалының мамандарымен 769 сынама іріктеліп, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге зерттелді. Сынамалардың 82 (10,6 %) талаптарға сәйкес келмеді. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 780 су сынамасы зерттелді, 59-ы (7,5%) талаптарға сәйкес келмеді. Колифагтар индексіне 411 су сынамасы зерттелді, сәйкессіздік жоқ. Лямблия цисталарына 75 сынама зерттелді, сәйкессіздіктер тіркелген жоқ.

Ауыз су сапасының микробиологиялық көрсеткіштерінің нашарлауы негізінен авариялық жағдайларды жойғаннан кейін сумен жабдықтау желілерінде дезинфекциялық және жуу іс-шараларының жеткіліксіз жүргізілуінен, су торабының күзет аймағын сақтау жөніндегі іс-шаралардың орындалмауынан болады. Ауыз су сапасының зертханалық мониторингі барысында анықталған сәйкессіздіктер бойынша дезинфекциялық және жуу жұмыстары жүргізілді, судың қайталама үлгілері алынды.

Сумен жабдықтау объектілеріне ағымдағы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде анықталған санитариялық қағидаларды бұзғаны үшін 13 санитариялық нұсқама берілді, 1 137 630 теңге сомаға 26 айыппұл салынды және өндірілді.

2021 жылы Қызылорда облысында халық арасында су факторымен байланысты инфекциялық сипаттағы аурулар тіркелген жоқ.

Өңір халқына берілетін ауыз сумен жабдықтау сапасын бақылау бойынша жұмыс жалғасуда.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: