Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында балалар арасындағы туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші төмендеді

16.08.2022

1026 0

Қызылорда облысы көлемінде 2022 жылдың 6 айында туберкулездің 222 жағдайы тіркеліп, сырқаттанушылық көрсеткішінің өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18%-ға өскендігі байқалды.

Жыл басынан бері тіркелген туберкулез ауруының 89%-ын тыныс алу жолдарының туберкулезі құрады, оның ішінде туберкулездің жұқпалы түрі (БК+) – 43,4%. Тыныс алу жолдарының туберкулезі бойынша эпидемиологиялық ахуал облыс аумақтарының барлығында, Арал ауданын қоспағанда, қолайсыз болып қалыптасуда.

Ағымдағы жылдың 6 айында тіркелген сырқаттанушылықтың 5% – 14 жасқа дейінгі балалар және 5,1% – жасөспірімдер үлесінде. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық 6 жағдайға, жасөспірімдер арасында 2 жағдайға төмендеген. Бұл контингент бойынша өлім-жітім жағдайлары тіркелмеген.

Жас ерекшеліктері бойынша жіктейтін болсақ, басым көпшілігі немесе 68 пайызы 18-64 жас аралығындағы әлеуметтік белсенді тұрғындар арасында анықталды.

Кәсіби құрамы бөлігінде сырқаттанғандардың 39% – жұмыссыздар, 25% – зейнеткерлер, 6% – мектеп оқушылары, 4% – студенттер, 3% – медицина қызметкерлері, 3% – білім беру мекемелерінің қызметкерлері және қалғаны басқа контингенттер арасында тіркелді.

Бірінші жартыжылдықта туберкулез жұқтырудың тіркелген жағдайларының 65,3%-ы профилактикалық қарап-тексеру барысында анықталған.

Туберкулездің асқынған түрі және 6 өлім жағдайы ересектер арасында орын алды, 4-еуі Қызылорда қаласында және 1 жағдайдан Жалағаш ауданы мен Байқоңыр қаласында тіркелді. Туберкулезден өлім-жітім жағдайы 2021 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 жағдайға төмендеген. Аурудың асқыну және өлім-жітім себептері тәуекел тобындағы контингенттердің уақтылы флюрографиялық тексерілмеуі, аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде тұрғындардың медициналық көмекке кеш жүгінуі салдарынан болуы ықтимал.

Медицина ұйымдарының мамандарымен бірлесіп, туберкулез ошақтарын эпидемиологиялық бақылау, қарым-қатынаста болған адамдарды бақылау, зерттеу, ауру көзін анықтау жүргізілуде.

Есеп беру кезеңінде 4911 бала вакцинацияланды және 65 бала ревакцинацияланды. Егуден кейінгі асқыну жағдайлары тіркелген жоқ. Туберкулез ошақтарында қарым-қатынаста болған балаларды манту сынамасымен қамту көрсеткіші облыс бойынша 97,6 пайызды құрады.

Соңғы 2 жылда коронавирус пандемиясы тиісті профилактикалық шаралардың уақтылы жүргізілуіне кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Егуден бас тартқандар 36-дан 58-ге артқан. Туберкулездің қалыптасқан эпидемиялық ахуалын ескере отырып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары тұрғындар арасында манту сынамасының, екпе жұмыстарының маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.

Құрметті өңір тұрғындары!

Туберкулез бактериясын жұқтырудан ешкім қорғалмаған. Ол кез келген адамға жұғуы мүмкiн. Әсiресе балалар мен егде жастағылар үшiн өте қауiптi. Алайда уақтылы медициналық көмекке жүгініп, дер кезінде ем қабылдағанда туберкулезден толық сауығып шығуға болатындығын есте сақтаған жөн.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: